Қазақстанның және Гондурастың сыртқы саяси ведомстволарының басшылары Астанада екіжақты ынтымақтастықтың келешегін талқылады

Қазақстанның және Гондурастың сыртқы саяси ведомстволарының басшылары Астанада екіжақты ынтымақтастықтың келешегін талқылады

Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрі Қайрат Әбдірахманов екіжақты қарым-қатынастардың тарихында Астанаға алғашқы рет келген Гондурас Республикасының Сыртқы істер және халықаралық ынтымақтастық министрі Мария Долорес Агуэромен кездесу өткізді.

Достық жағдайда өткен сұхбат барысында тараптар Қазақстан мен Гондурастың СІМ-дері арасындағы саяси диалогты орнатуға қызығушылығын білдірді. Сауда және туризм салаларын қоса алғанда, екіжақты қарым-қатынастардың аса келешекті бағыттарын анықтау қажеттілігі белгіленді.

Халықаралық қатынастардың және аймақтық қауіпсіздік тақырыптарына сұхбаттастар пікір алмасты. Халықаралық күн тәртібінің негізгі мәселелері бойынша екі мемлекеттің ұстанымдардың ұқсастығы белгіленіп, Гондурас Қауіпсіздік Кеңесіне 2022-2023 жылдар кезеңіне өз кандидатурасын қойған БҰҰ шеңберіндегі өзара жемісті іс-қимылдың жалғастыру қажеттілігі баса айтылды.

Қ. Әбдірахманов Қазақстанның Америкалық мемлекеттер ұйымы, Кариб мемлекеттерінің ассоциациясы, Қарибтік қоғамдастығы сияқты аймақтық ынтымақтастық платформалармен өзара іс-қимылы туралы хабарлады. Оларға қоса басты мақсаты жалпы нарықты қалыптастырып, еркін сауда аумағын құру болып табылатын, Орталық Америка интеграциялық жүйесінің қызметі назар аударар жайт.

Гондурастың сыртқы саяси ведомствосының басшысы жоғары деңгейлі делегациямен қоса осы Орталық Америка мемлекетінің Астанадағы «ЭКСПО-2017» көрмесі шеңберінде Ұлттық күнін мерекелеу рәсіміні қатысты. Көрмеде Гондурас павильоны бар және осы күнін өнерпаздарының көркем ойындармен мерекеледі.