АСТАНА, 10 қыркүйек, 2017 жылы – Қазақстан Республикасы Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Ислам Ынтымақтастық ұйымының ғылым және технологиялар жөніндегі 1-ші Саммитін ашты.
Делегациялардың басшылары Ислам Ынтымақтастық Ұйымының ғылым мен технологиялар жөніндегі 1-ші Саммитінің «Ғылым, технология, инновация және ислам әлемінің жаңғыруы» атты Астана декларациясын қабылдады.