Қазақстан мен Сауд Арабия СІМ басшыларының телефон арқылы сөйлесуі туралы

Қазақстан мен Сауд Арабия СІМ басшыларының телефон арқылы сөйлесуі туралы

Нұр-Сұлтан, 2022 жылғы 12 қаңтар – Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді Сауд Арабиясы Корольдігінің Сыртқы істер министрі ханзада Фейсал бен Фархан Әл Саудпен телефон арқылы сөйлесті.

Ф.бен Фархан Сауд Арабиясы басшылығы атынан Қазақстандағы жағдайды тұрақтандыру үшін қабылданған шараларды қолдайтынын атап өтті. Ол қажет болған жағдайда көмек көрсетуге дайын екенін растады.

М.Тілеуберді ҚР Президенті Қ. Тоқаевтың Үкіметтің алдына қалыпты өмірді қалпына келтіру және одан әрі әлеуметтік-экономикалық өзгерістер жүргізу бойынша қайта қойған міндеттері туралы хабарлады.

Сұхбат соңында тараптар екі ел арасындағы ынтымақтастықтың мәселелерін, соның ішінде түрлі деңгейлерде өзара сапарлар ұйымдастыруға қатысты сұрақтарды талқылады.