Қазақстан мен Бахрейн сыртқы саяси ведомстволары басшыларының телефон арқылы сұхбаты өтті

Қазақстан мен Бахрейн сыртқы саяси ведомстволары басшыларының телефон арқылы сұхбаты өтті

Нұр-Сұлтан, 2022 жылғы 9 қаңтар – Бахрейн тарапының бастамасымен Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Сыртқы істер министрінің м.а. Мұхтар Тілеуберді мен Бахрейн Корольдігінің Сыртқы істер министрі Абдуллатиф бен Рашид әл-Заяни арасында телефон арқылы сұхбат өтті.

Әңгіме барысында Бахрейн басшылығы мен халқы атынан Қазақстандағы жағдайды тұрақтандыру үшін қабылданған шараларды қолдайтынын атап өтіп, қажет болған жағдайда көмек көрсетуге дайындығын растады. Сондай-ақ, елде жуық арада тұрақтылық орнайтынына сенім білдірді.

М.Тілеуберді Қазақстан басшылығы халықтың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге және жағдайды қалпына келтіруге бағытталған іс-шараларды жүзеге асырып жатқанын хабарлады.

Тараптар сондай-ақ екіжақты және көпжақты ынтымақтастық мәселелерін талқылады.