ҚР СІМ басшысы және АҚШ Мемлекеттік хатшысы ынтымақтастықтың өзекті мәселелерін талқылады

ҚР СІМ басшысы және АҚШ Мемлекеттік хатшысы ынтымақтастықтың өзекті мәселелерін талқылады

                           

Нұр-Сұлтан, 2022 жылғы 6 қаңтар – Америка тарапының бастамасы бойынша Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді АҚШ Мемлекеттік хатшысы Энтони Блинкенмен телефон арқылы сөйлесті.

Министр Э.Блинкенді елдегі жағдай туралы, сондай-ақ ҰҚШҰ бітімгершілік күштерінің қатысуымен жүргізіліп жатқан терроризмге қарсы операция туралы егжей-тегжейлі хабардар етті.

Тараптар екіжақты өзара іс-қимылдың жай-күйі мен перспективаларын, жаһандық және өңірлік қауіпсіздіктің өзекті мәселелерін талқылады.