АҚШ делегациясымен кездесу туралы

АҚШ делегациясымен кездесу туралы

АСТАНА, 2017 жылғы 30 қазан – Сыртқы істер министрі Қайрат Әбдірахманов Қазақстанға Астана процесіне бақылаушы ретінде қатысуға келген АҚШ Мемлекеттік хатшысының Таяу Шығыс істері жөніндегі көмекшісі Дэвид Саттерфилдті қабылдады.

Тараптар Қазақстан мен Америка Құрама Штаттары арасындағы стратегиялық әріптестіктің ілгері дамуын атап өтті. Екі елдің сыртқы саяси ведомстволары ағымдағы жылғы қыркүйекте Нұрсұлтан Назарбаев пен Дональд Трамптың телефон арқылы байланыс нәтижесінде қол жеткізілген уағдаластықтарды жүзеге асыру бойынша тығыз ынтымақтастықты жалғастырады.

Тараптар Сириядағы дағдарысты шешу мүмкіндіктері туралы пікір алмасты. АҚШ өкілдері Сириядағы шиеленісті төмендету және қантөгісті тоқтатуда Астана процесінің рөлін жоғары бағалады.