ҚР СІМ Қоғамдық кеңесінің кезекті отырысы туралы

ҚР СІМ Қоғамдық кеңесінің кезекті отырысы туралы

 

Нұр-Сұлтан, 2021 жылғы 22 желтоқсан – Қазақстанның сыртқы саяси ведомствосында ҚР Сыртқы істер министрлігі қызметінің мәселелері жөніндегі Қоғамдық кеңестің 2021 жылдың қорытынды отырысы онлайн режимінде өтті.

Кеңестің төрағасы, ҚР Парламенті Мәжілісінің Халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің хатшысы Мұхтар Ерман отырысқа қатысушылар мен бақылаушыларға ізет білдіре, мемлекеттік органдардың, сарапшы топтар мен азаматтық қоғамның сындарлы өзара іс-қимылының маңыздылығын атап өтті.

«Қазақстан қиын-қыстау жағдайларда дербес сыртқы саяси бағытты қалыптастырып, халықаралық қоғамдастықтың тең құқықлы, жауапты және белсенді мүшесі ретінде орнықты. Көпвекторлы қағидатты ұстана отырып, Қазақстан қысқа уақыт ішінде әлемнің барлығына дерлік елдермен дипломатиялық қатынастар орнатты, көптеген беделді халықаралық ұйымдарға кірді», – деді М. Ерман. Оның айтуынша, сыртқы саяси қызметті заңнамалық тұрғыдан қамтамасыз ету және сүйемелдеу мәселелері ҚР Парламенті қызметінің басым бағыттарының бірі болып табылады.

Өз кезегінде ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді Кеңес мүшелеріне 2021 жылы ведомство жұмысының негізгі бағыттары туралы егжей-тегжейлі есеп берді. Әлемдегі өзекті жаһандық сын-қатерлер мен қауіптерге және Қазақстанның сыртқы саясатының оған бейімделуіне ерекше назар аударылды.

Дипломатиялық қызметтің кадрлық әлеуетін пен экономикалық дипломатияны күшейту бағыттарын маңызды басымдықтар ретінде атап айтылды.

«30 жыл ішінде еліміз инвесторлар үшін өңірлік хабқа айналып, ел экономикасына 370 миллиард АҚШ долларынан астам инвестиция тартылды алды. 2020 жылдың қорытындысы бойынша жаһандық инвестициялар ағыны 35% - ға төмендеді. Дағдарыс Қазақстанға да әсер етті – 2020 жылы тікелей шетелдік инвестициялардың жалпы ағынының төмендеуі 30% құрады. Алайда, биылғы жылдың бірінші жартыжылдығында жағдай түзеле бастады: шетелдік инвестициялар көлемінің 30% өсуі байқалады. БҰҰ Сауда және даму жөніндегі Конференциясының (ЮНКТАД) есебіне сәйкес өткен жылдың қорытындысы бойынша Қазақстанға таза шетелдік инвестициялардың 35% өсуі өтпелі экономикасы бар елдер мен теңізге шықпайтын дамушы елдер арасындағы үздік көрсеткіш болып табылады», - деді Министр.

Сонымен М. Тілеубердінің айтуынша, жалпы қазір СІМ KAZAKH INVEST-пен бірлесіп, шетелдік бизнестің қатысуымен құны 63 миллиард доллар құрайтын 450 жоба бойынша жұмыс жүргізуде.

Отырыс барысында «KazAID» Қазақстандық халықаралық даму агенттігінің басқарма төрағасы Дастан Елеукеновтың баяндамасы назарға ұсынылды. Кедейшілік, халықаралық қылмыс, есірткінің заңсыз айналымы және заңсыз көші-қон проблемаларын қоса алғанда, тұрақты дамуды қамтамасыз етуге жәрдемдесу дамуға ресми көмек көрсетудің отандық жүйесін қалыптастыратын басым бағыттардың бірі болып табылатыны атап өтілді.

Баяндамаларды талқылау аясында Кеңес мүшелері ведомствоның азаматтық қоғаммен тиімді өзара іс-қимылын нығайту бойынша бірқатар ұсыныстар айтты.