Құрметті бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері!
2021 жылғы 21-22 желтоқсанда Нұр-Сұлтан қаласында Сирия бойынша жоғары деңгейдегі 17-ші халықаралық кездесу өтеді.
Келіссөздер қорытындысы бойынша аталған кездесуге қатысушылардың баспасөз конференциясы жоспарлануда. Алайда, жалпы отырыс көзделмейді. Қорытынды мәлімдеме кепілгер елдер СІМ-нің ақпараттық ресурстарында жарияланатын болады.
Осыған орай, аккредиттеу үшін 2021 жылғы 19 желтоқсан сағат 12:00-ге дейін қоса берілген толтырылған аккредитеу нысанын pressa.mfa.kz@gmail.com поштасына жолдауды сұраймыз.
Аккредитация сұрақтары бойынша +7 (7172) 72-02-36 нөміріне хабарласуыңызды сұраймыз.
(!) Барлық шетелдік БАҚ өкілдерінің жарамдылығы 72 сағаттан аспайтын COVID-19 ПТР тестінің теріс нәтижелі анықтамасы (шетелден келетіндерге) болуы қажет. Қазақстандық БАҚ өкілдеріне COVID-19-ға қарсы вакцинациясының электрондық паспорты болуы міндетті. Іс-шара өткізу орнына кіру «Ashyq» қосымшасы арқылы да жүзеге асырылады.