Сирия жөніндегі Астана процесі аясындағы кездесу туралы

Сирия жөніндегі Астана процесі аясындағы кездесу туралы

 

Сирия жөніндегі Астана процесі аясындағы кезекті кездесу 2021 жылғы 21-22 желтоқсанда Нұр-Сұлтан қаласында өтеді. Келіссөздерге Ресей, Түркия, Иран, Сирия үкіметі және сириялық оппозиция қатысады. Бақылаушылар ретінде БҰҰ, Иордания, Ливан және Ирак өкілдерінің келуі күтіледі.

Тараптар Сириядағы ахуалды, Астана процесі аясында бұрын қол жеткізген келісімдерді орындау мақсатында деэскалация аймақтарындағы тұрақтылықты қолдау міндеттерін қарастырады. Сондай-ақ, кепілгер мемлекеттер – Ресей, Түркия және Иранның, сондай-ақ БҰҰ және Халықаралық Қызыл Крест комитетінің қатысуымен Мәжбүрлеп ұсталып отырған тұлғалар бойынша жұмыс тобының отырысы жоспарлануда.

БҰҰ аясындағы келіссөздер процесіне серпін беру мақсатында тараптар Женевадағы сириялық Конституциялық комитет жұмысының жоспарларын талқылайды.

Нұр-Сұлтан қаласындағы екіжақты және үшжақты консультациялар екі күнге созылады. Қорытынды мәлімдеменің мәтіні ресми ақпарат көздерінде жарияланады. Коронавирустың таралуына байланысты карантиндік шектеулерді назарға ала отырып, пленарлық отырыстың өтуі жоспарланбаған.