Қазақстанның инвестициялық және сауда мүмкіндіктері Бразилиялық іскер топтар үшін таныстырылды

Қазақстанның инвестициялық және сауда мүмкіндіктері Бразилиялық іскер топтар үшін таныстырылды

Бразилиа, 2021 жылғы 24 қараша – Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары Алмас Айдаровтың Бразилия Федеративтік Республикасына жұмыс сапары шеңберінде жергілікті іскерлік топтар үшін Қазақстанның инвестициялық және сауда мүмкіндіктерінің таныстырылымы өтті.

Іс-шараның ашылуына Қазақстанның Елшісі Болат Нүсіпов қатысушыларды Қазақстанның Бразилиямен экономикалық өзара іс-қимылының ағымдағы жай-күйі және перспективаларымен таныстырды, сондай-ақ тау-кен өндіру өнеркәсібі және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы ынтымақтастықты дамытуға назар аударды.

ҚР Сыртқы істер министрінің орынбасары А. Айдаров Қазақстанның сауда-экономикалық және инвестициялық әлеуетіне, сондай-ақ Үкіметтің екіжақты ынтымақтастықты тереңдету және кеңейту жөніндегі, атап айтқанда, ү.ж. құрылған «QazIndustry» Қазақстандық индустрия және экспорт орталығы, Бразилия ұлттық өнеркәсіптік конфедерациясы (CNI) және сауда және экономика жөніндегі ведомствоаралық жұмыс тобының тең-төрағалығымен Қазақстан-Бразилия іскерлік комитетінің шеңберіндегі шараларына егжей-тегжейлі тоқталды.

Іс-шара соңында «Бразилия-Қазақстан» Сауда–Өнеркәсіп палатасының Президенті Кассиано Перейра Виана соңғы жылдардағы екіжақты саудаға егжей-тегжейлі тоқталып, еліміздің сауда және транзиттік әлеуетін, сондай-ақ жергілікті нарыққа экспорттауға арналған қазақстандық өнімдердің перспективалық тауар топтарын таныстырды.

Іс-шараға тау-кен өнеркәсібі, энергетика, ауыл шаруашылығы және өнеркәсіптік өндіріс сияқты экономика секторларында жұмыс істейтін 30-дан астам бразилиялық компаниялардың өкілдері қатысты.

Іс-шара аясында  министрдің орынбасары өнеркәсіптік электр жабдықтарын өндіру саласындағы жетекші бразилиялық «WEG» компаниясының басшылығымен екі жақты кездесуі өткізді. Тараптар компанияның Қазақстандағы қызметін, сондай-ақ оны кеңейту мүмкіндігін, оның ішінде сервистік хабты іске қосу және электр жабдықтарын шығаратын зауытты оқшаулау мәселелерін талқылады.

Сондай-ақ, А. Айдаров 50-ден астам компанияның активтерін басқаратын «GM Venturе» компаниясының Бас директоры болып табылатын Оңтүстік Американың экономикалық орталығы - Сан-Паулу штатындағы ҚР Құрметті консулы лауазымына кандидат Грациано Мессанамен келіссөздер жүргізді. Кездесу барысында сұхбаттасқа ҚР-дағы инвестициялық және сауда жобалар туралы тиісті ақпарат берілді.