19 қаңтарда Нью-Йорк қаласында Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрі Қайрат Әбдірахмановтың Су мен бейбітшілік мәселелері жөніндегі ғаламдық жоғары деңгейлі топ төрағасы, Словения Республикасының бұрынғы президенті Данило Тюркпен кездесуі өтті.
Д. Тюрк жаһандық су проблемасы даму және адам құқықтарымен қатар, әлемдегі ең өзекті бейбітшілік, қауіпсіздік және жер бетінде өмірдің болуымен байланысты екендігі және шұғыл түрде кешенді және жан-жақты шешім қабылдауды талап ететіндігі атап өтілген топтың «Күн көріс мәселесі» атты есебін ұсынды.
Қазақстанның сыртқы саяси ведомство басшысы су мәселесінің еліміз және Орталық Азия өңірі үшін маңыздылығын растай отырып, Жоғары деңгейлі топ қызметіне қолдау білдірді
Сонымен қатар, БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесі мүшелерінің арасында және Бас Ассамблея шеңберінде қол жеткізілген тұжырымдарды ілгерілетудің маңыздылығы атап өтілді. Халықаралық құқық пен түрлі өңірлердің тәжірибесі негізінде трансшекаралық өзендер мен су ресурстарын пайдалануға байланысты мәселелерді шешу маңызды болып табылады.
Су мен бейбітшілік мәселелері жөніндегі ғаламдық жоғары деңгейлі топ (High Level Panel on Water and Peace) Швейцарияның бастамасымен 2015 жылы құрылды. Бүгінгі күні Мажарстан, Гана, Иордания, Испания, Қазақстан, Камбоджа, Колумбия, Коста-Рика, Марокко, Оман, Сенегал, Словения, Швейцария, Франция және Эстония топқа мүше мемлекеттер болып табылады.