Қазақстанның БҰҰ- дағы тұрақты өкілі: Астаналық уағдаластықтар қатаң түрде орындалуы тиіс

Қазақстанның БҰҰ- дағы тұрақты өкілі: Астаналық уағдаластықтар қатаң түрде орындалуы тиіс

Қазақстанның БҰҰ жанындағы делигациясы Сириядағы гуманитарлық жағдай бойынша БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің шұғыл отырысында сөз сөйледі. «Астанада қол жеткізген келісімдердің ешқайсысы қағазда қалмауы тиіс, олардың барлығы қатаң түрде орындалуы тиіс»,- деп мәлімдеді Қазақстан өкілі. Қауіпсіздік Кеңестің отырысы Ресей делегациясының бастамасымен 22 ақпанға шақырылған болатын.

Қазақстан делегациясы қақтығыстың барлық тараптарын Шығыс Гуттеде әскери іс-қималдарды тоқтату мен деэскалация аймақтарында атысты тоқтату тәртібін күшейтуге көмектесуге шақырды. Халықаралық құқыққа сәйкес жаралыларға медициналық эвакуация жүргізу мен гуманитарлық көмек көрсетуге мүмкіндік беру үшін қатысушы және мүдделі тараптарға барлық Сирия аумағында әскери іс-қимылдарды тоқтату үшін күш біріктіру қажеттігі жөнінде мәлімденді.

Қазақстан қазіргі таңда Кеңестің мүшесі бола отырып, консенсусқа қол жеткізудің маңыздылығы мен Сирияда әскери іс-қимылдарды тоқтату жөніндегі БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің резолюциясының тезірек қабылдануына тоқталды.

Отырыс барысында Женевадан бейне байланыс арқылы брифинг жасаған БҰҰ Бас хатшысының гуманитарлық мәселелер бойынша орынбасары Марк Лоукоктың баяндамасы тыңдалды.

Қауіпсіздік Кеңесінің мүшелері Сириядағы, оның ішінде Шығыс Гуттедегі, Идлиб, Солтүстік Хама, Рукбане және Ракке провинцияларындағы гуманитарлық жағдайдың нашарлауына байланысты өздерінің алаңдаушылықтарын білдірді. Қазіргі уақытта Сириядағы 13,1 миллионнан астам адамға медициналық көмекпен бірге гуманитарлық көмек қажет, оның ішінде олардың 6,1 миллионы - ел ішіндегі қоныс аударушылар, 2,5 миллион адам қол жетімсіз жерлерде тұрады, ал жүздеген мың адам әлі де қоршауға алынған аудандарда жүр.

Қазақстан БҰҰ төтенше көмегінің Үйлестірушісі М. Лоукоктың 2018 жылдың 11 қаңтарындағы Сирияға сапарының нәтижесінде анықталған «бес өтінішті» қолдады және Қауіпсіздік Кеңесінің резолюцияларында қарастырылған 2018 жылы Сирияға гуманитарлық көмек жеткізуді тұрақты жақсартуды қамтамасыз ету үшін тараптарды оларды жүзеге асыруға көмектесуге шақырды.