Корея Республикасы, Өзбекстан және Жапониядағы Қазақстан азаматтары паспортты 30 күнде ала алады

Корея Республикасы, Өзбекстан және Жапониядағы Қазақстан азаматтары паспортты 30 күнде ала алады

Мемлекеттік қызмет 2021 жылдың қазан айынан бастап Корея Республикасы, Өзбекстан Республикасы және Жапония аумағында тұрып жатқан Қазақстан Республикасының азаматтары үшін қолжетімді болды. Қазақстан Сыртқы істер министрілігі және Ішкі істер министрлігі аталған пилоттық жобаны құжаттарды қабылдау және оларды Қазақстанның шет елдерде жүрген азаматтарына паспорттар жасау үшін жіберу бойынша мемлекеттік қызмет көрсету процесін оңтайландыру аясында іске асыруда.

Мемлекеттік қызмет көрсетудің мерзімін 80 күннен 30 күнге дейін қысқартуға мүмкіндік берген пилоттық жоба Ресей, Германия мен АҚШ-тағы ҚР шетелдік мекемелерінде сәтті жүзеге асырылып келеді.

ҚР мемлекеттік органдары паспорт ресімдеу мерзімдерін қысқартуды көздейтін елдердің географиясын кеңейту бойынша бірлескен жұмысты әрі қарай жалғастыруда.