Қазақстан мен Кирибати БҰҰ-да ядролық сынақтардан зардап шеккен аймақтарды оңалту жөнінде бірлескен мәлімдеме жасады

Қазақстан мен Кирибати БҰҰ-да ядролық сынақтардан зардап шеккен аймақтарды оңалту жөнінде бірлескен мәлімдеме жасады

Нью-Йорк, 2021 жылдың 13 қазаны – БҰҰ Бас Ассамблеясының Бірінші комитетінің отырысында Семей сынақ полигоны жабылуының 30-жылдығына орай Қазақстан Республикасы мен Кирибати Республикасы Ядролық қаруға тыйым салу туралы шарттың (ЯҚТСШ) аясындағы оң міндеттемелерін қолдайтын Бірлескен мәлімдеме қабылдады.

Кирибати – Тынық мұхиттегі аралдық мемлекет, ХХ ғасырдың 50-60 жылдарында АҚШ мен Ұлыбритания жүргізген ядролық сынақтардың салдарынан зардап шеккен.

Аталған шарттың оң міндеттемелері ядролық сынақтардан кейінгі радиациядан зардап шеккен азаматтарды оңалту және қоршаған ортаны қалпына келтіру бойынша көмек шараларын көздейді.

ЯҚТСШ 2017 ж. 7 шілдеде 122 мемлекеттің қолдауымен қабылданып, 2021 ж. қаңтарында күшіне енді (50 мемлекет ратификациялаған кейін).

Бұл құжат ядролық қаруды заңсыз деп жариялайды, оның толық жоюына жолындағы маңызды қадам болып табылады. Қазақстан Шартты әзірлеу бойынша келіссөздерге белсенді қатысты, ал 2019 ж. 29 тамызда 26-шы мемлекет ретінде БҰҰ хатшылығына ратификация құжатын енгізді, соның арқасында оның күшіне енуіне жаңа серпін берді.