Қазақстан Сыртқы істер министрінің орынбасары Біріккен Ұлттар Ұйымы Бас хатшысының көмекшісімен кездесті

Қазақстан Сыртқы істер министрінің орынбасары Біріккен Ұлттар Ұйымы Бас хатшысының көмекшісімен кездесті

Нұр-Сұлтан, 2021 жылдың 14 қазаны – Қазақстан Сыртқы істер министрінің орынбасары Ақан Рахметуллин елімізге «Қазақстанның Париж келісімінің мақсаттарына және көміртекті бейтараптығына қол жеткізу жолдары» жөніндегі жоғары деңгейдегі конференцияға қатысу мақсатында келген Біріккен Ұлттар Ұйымы Бас хатшысының көмекшісі – БҰҰ Даму бағдарламасының (ДБ) Еуропалық және ТМД өңірлік бюросының директоры Мирьяна Сполярич-Эггермен кездесу өткізді.

Кездесу барысында Қазақстан Республикасы мен БҰҰ ДБ арасындағы 2021–2025 жылдарға арналған ынтымақтастықтың ағымдағы бес жылдық циклі шеңберіндегі үйлестіру, 2030 жылға дейінгі Күн тәртібі мен Орнықты даму мақсаттарының (ОДМ) орындалуы, КОВИД-19 пандемиясы кезеңінде көмек көрсету, сондай-ақ Қазақстан Үкіметінің көміртегі шығарындыларын төмендетуге және көміртегі бейтараптылығына қол жеткізуге күш салу мәселелері талқыланды.

Сыртқы саяси мекеме басшысының орынбасары Үкіметтің ОДМ-дарды жүзеге асыру бойынша жүйелі және мақсатты жұмыс жүргізіп жатқанын айтты. Отандық дипломаттың айтуынша БҰҰ-ның жаһандық күн тәртібі ұлттық стратегиялық даму бағдарламаларымен айқын байланысты.

Әлемдік қауымдастықты осы саладағы жетістіктерімізбен таныстыру үшін Қазақстан 2022 ж. шілдеде Нью-Йорк қаласында өтетін жоғары деңгейдегі саяси форумы шеңберінде ОДМ-дердің жүзеге асырылуы туралы Екінші ерікті ұлттық шолуды ұсынуды жоспарлап отыр.