Қазақстан ТМД Сыртқы істер министрлері кеңесіне қатысты

Қазақстан ТМД Сыртқы істер министрлері кеңесіне қатысты

Минск, 2021 жылғы 14 қазан - Беларусь Республикасының төрағалығымен Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы Сыртқы істер министрлері кеңесінің кезекті отырысы өтті.

Сыртқы саяси ведомстволарының басшылары халықаралық күн тәртібіндегі өзекті мәселелерді, оның ішінде өңірлік қауіпсіздік проблематикасын, экономикалық және мәдени-гуманитарлық салалардағы ынтымақтастықтың жай-күйі мен перспективаларын талқылады. Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы шеңберінде 2022 жылға арналған көпдеңгейлі сімаралық консультациялар жоспарын бекітілді.

Отырысқа қатысушылар ТМД мемлекет басшыларының ТМД-ның 30 жылдығына, мемлекеттердің биологиялық қауіпсіздік саласындағы ынтымақтастығына, сайлау құқықтары мен көші-қон мәселелеріне арналған бірлескен мәлімдемелерінің жобаларын мақұлдады.

Сонымен қатар, құқық қорғау және сот салаларындағы өзара іс-қимылды кеңейту мақсатында Қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға, терроризмді қаржыландыруға және жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландыруға қарсы іс-қимыл, сондай-ақ ТМД мемлекеттерінің
жоғарғы (жоғары) соттары төрағаларының кеңесін құру туралы халықаралық шарттардың жобалары бекітілді.

Тараптар 2022 жылы Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығында халық шығармашылығы мен мәдени мұра жылын өткізу жөніндегі іс-шаралар жоспарының жобасын келісті.

Іс-шараға Қазақстан Республикасынан Сыртқы істер министрінің орынбасары Марат Сыздықов қатысты.