Стокгольм, 2021 жылдың 12 қазаны – Қазақстан Республикасының Швеция Корольдігіндегі Елшісі Сергей Нұртаев швед мемлекетінің басшысы, Король Карл XVI Густавтың қабылдауында болды.
Қазақстандық дипмиссия басшысының швед монархымен сұхбаты барысында Қазақстан мен Швеция арасындағы екіжақты байланыстарды тереңдету және кеңейту мәселелері талқыланды. Екіжақты сауда және инвестициялар мәселелеріне басым назар аударылды.
Елші Ұлы мәртебелі Король Карл XVI Густавқа еліміздің тарихы, өзіндік мәдениеті мен дәстүрлері туралы қысқаша мәлімет берді.
Тараптар сондай-ақ екі мемлекет арасындағы мәдени-гуманитарлық қарым-қатынастардың түрлі аспектілерін талқылады.
Соңында Король Карл XVI Густав Елшіге қазақстан-швед ынтымақтастығын нығайту игілігі үшін табысты және жемісті жұмыс тіледі.