Орталық Азия – Парсы шығанағындағы араб мемлекеттерінің ынтымақтастық кеңесі

Орталық Азия – Парсы шығанағындағы араб мемлекеттерінің ынтымақтастық кеңесі

Нұр-Сұлтан, 2021 жылғы 12 қазан - Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары жөніндегі кеңестің сыртқы істер министрлерінің алтыншы кездесуі аясында Орталық Азия мемлекеттерінің сыртқы саяси ведомстволарының басшылары және Парсы шығанағындағы араб мемлекеттерінің ынтымақтастық кеңесінің Бас хатшысы Н. Әл-Хаджраф арасында жұмыс кездесу өтті. Кездесуге сондай-ақ аталған Кеңестің төраға-елі болып табылатын Бахрейн Корольдігінің Сыртқы істер министрі А.Әл-Заяни де қатысты. 

Кездесу барысында тараптар саяси, экономикалық және инвестициялық салалардағы өңіраралық ынтымақтастықты дамыту перспективаларын талқылады. 

Қорытындысында екі өңір арасында сыртқы істер министрлері деңгейінде "Орталық Азия – Парсы шығанағындағы араб мемлекеттерінің ынтымақтастық кеңесі" жаңа ынтымақтастық диалогы форматын құруға өзара мүдделілік білдірілді.