Словакияның Сыртқы істер министрімен келіссөздер туралы

Словакияның Сыртқы істер министрімен келіссөздер туралы

Нұр-Сұлтан, 2021 жылғы 11 қазан – Қазақстан СІМ-де Словакияның Сыртқы және еуропалық істер министрі Иван Корчокпен келіссөздер өтті.

Словак сыртқы саяси ведомствосы басшысының Қазақстанға сапары Нұр-Сұлтан мен Братислава арасындағы екіжақты қарым-қатынастардың барлық кешені бойынша ынтымақтастыққа жаңа серпін беруге бағытталған.

Келіссөздер барысында Қазақстан-Словакия саяси диалогының, сауда-экономикалық және инвестициялық салалардағы өзара іс-қимылдың ағымдағы жай-күйі мен даму перспективалары қаралды.

Халықаралық күн тәртібіндегі өзекті мәселелер, соның ішінде жаһандық және өңірлік қауіпсіздік мәселелері, атап айтқанда Ауғанстандағы ахуал жөнінде пікір алмасылды. Тараптар Нұр-Сұлтан мен Братиславаның халықаралық және өңірлік ұйымдар, соның ішінде БҰҰ шеңберіндегі өзара іс-қимылының жоғары деңгейін атап өтті.

Келіссөздер қорытындысы бойынша Қазақстан мен Словакия сыртқы істер министрліктері арасында дамуға ресми көмек саласындағы ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды.

Сонымен қатар, екі елдің сыртқы саяси ведомстволарының басшылығы ұлттық компаниялар, министрліктер мен ведомстволар өкілдерінің, сондай-ақ 30-дан астам қазақстандық және словак фирмалардың қатысуымен «Қазақстан және Словакия: жаңа кезеңдегі ынтымақтастықтың жаңа мүмкіндіктері» атты дөңгелек үстелге қатысты.