2018 жылғы 17 – 19 мамырда он бірінші Астана экономикалық форумы өтеді. Қазақстан Республикасының астанасы бүкіл адамзатқа өзекті жаһандық сын-тегеуріндерге байланысты мәселелерді талқылау үшін жетекші әлемдік көшбасшыларды, халықаралық сарапшыларды, саясаткерлерді, экономистерді, ғалымдарды, әлемге атақты мәдениет қайраткерлерін күтеді.
Астанада өткен «Болашақ энергиясы» Экспо-2017 дүниежүзілік көрмесінің табысты өткізілуінің аясында Қазақстан инновациялық дамудың серпінділігі, батыл институционалдық реформалар мен көлемді халықаралық бірлесу арқылы әлемнің озық дамыған экономикаларының отыздығына ену мақсатында елдің ауқымды Үшінші жаңғыруын жариялады.
10 жыл бойы Еуразияның негізгі экономикалық конгресі болып саналатын Астана экономикалық форумы Қазақстанның жаңа міндеттеріне, әлемдегі өзгерістерге де сай болуы тиіс. 2018 жылы АЭФ негізінде Global Challenges Summit іске қосылады. Бұл — Астана экономикалық форумын дамытудың жаңа кезеңі және Қазақстан мен Астанаға адамзат пен әлемді дамытудың жолдары, мақсаттары мен тәсілдері туралы жаһандық пікір алмасудың қозғалтқышы болу мүмкіндігі.
ХХІ ғасырдың басындағы технологиялық революцияның жаңа бұрын-соңды болмаған орамы әрбір ел, әр бизнес және ғаламшардың әрбір адамы үшін айтарлықтай маңызды, әлемді өзгертетін ондаған мегатрендтер құрды. Экономикалық өсім және ресурстық тұрақтылық, цифрландыру және кенттену, ұзақ өмір сүру және қаржылық революция, жаһандық қауіпсіздік және мәдени ілгерілеу — осы жалпы әлемдік үрдістер Global Challenges Summit 2018 бағдарламасының негізін құрайды.
Global Challenges Summit 2018-ге 450 астам спикер қатысады. Олардың жартысы — әлемнің 24 астам елінен келетін халықаралық қонақтар. Бүгінгі таңда қатысатынын растаған халықаралық қонақтар арасында: Францияның экс-президенті Франсуа Олланд; физик, ішектер теориясының тең авторы және ғылым таратушы Митио Каку; Goldman Sachs бұрынғы төрағасы және БРИКС қысқарту авторы Джим О'Нил; Дүниежүзілік банктің Еуропа және Орталық Азия бойынша бас экономисті Ганс Тиммер; саясаттанушы және қалалар дамуының визионері Параг Ханна; Грузияның вице-премьері, сыртқы істер министрі Михеил Джанелидзе; Эстонияның бұрынғы Президенті Тоомас Ильвес; БҰҰ сегізінші Бас хатшысы және Халықаралық олимпиада комитетінің этика жөніндегі комиссиясының төрағасы Пан Ги Мун; кинорежиссер, «Алтын арыстан» Венеция кинофестивалінің бас жүлдесінің лауреаты Кшиштоф Занусси және т.б.
Қазақстанның жылдам өзгермелі жаһандық әлемдегі өзгерістерге бейімделу стратегиялары және Орталық Азия өңірін дамытудағы елдің рөлін Астана экономикалық форумында Қазақстан Республикасының атқарушы билігінің бірінші басшылары, мемлекеттік компаниялардың және даму институттарының басшылары ұсынады.
Жаңартылған Астана экономикалық форумы Еxpo конгресс-орталығында және Hilton Astana-да өтеді.
Қатысушылар форумға конгрестің forum-astana.org сайтында тіркеле алады.