Астана, 2018 жылғы 17 мамыр - Қазақстан делегациясы БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің Сириядағы саяси жағдай жөніндегі кезекті отырысына қатысты.
БҰҰ Бас хатшының Сирия жөніндегі арнайы өкілі Стаффан де Мистура Қауіпсіздік Кеңесінің мүшелеріне 14-15 мамырда Астана қаласында өткен Сирияаралық келіссөздердің тоғызыншы раундына қатысқаны туралы хабарлады. БҰҰ-ның Арнайы өкілі «жоғары деңгейдегі Астаналық 9-шы кездесу барысында деэскалация бойынша, әсіресе Идлиб мәселесіне қатысты, нақты пікірталастардың орын алғандығына риза екенін атап өтті. Дипломат Сирияаралық келіссөздердің нәтижелерін оппозиция мен үкімет ұстанымдарын жақындастыру тұрғысында пайдалы деп таныды және кезекті кездесуді жоғарғы деңгейде ұйымдастырғаны үшін Қазақстан басшылығына алғыс білдірді.
С. Де Мистура Сириядағы қақтығысты шешу жөніндегі саяси процесті жандандыруға үміт білдірді және барлық мүдделі тараптарды осы бағытта белсінділік танытуға шақырды. Оның пікірінше, қатысушы тараптардың «жоғары дипломатиясына» қолайлы уақыт туды, бұл жоғары деңгейдегі кездесулер Сириядағы бейбіт үдерісті дамытуға ықпал ететіндігін білдіреді.
Қазақстанның БҰҰ жанындағы Тұрақты өкілі Қайрат Омаров өз сөзінде Қауіпсіздік Кеңес мүшелеріне Сирияаралық келіссөздердің 9-шы раундының қорытындылары туралы баяндады және тараптар Астанадағы келіссөздердің соңғы сегіз раундынан кейін қол жеткізілген келісімдердің орындалуын қамтамасыз ету бойынша күштерді жандандыру қажеттігін қарастырғандығын атап өтті. Қазақстан делегациясы С. Де Мистураның қазіргі кезеңде шешілу проблематикасының маңызы зор болып табылатын Идлиб мәселесі туралы пікірімен келісетіндігін атап өтті. Сонымен қатар, Қ.Омаров Қазақстан атынан Сириядағы БҰҰ гуманитарлық қызметкерлерінің еңбегін, атап айтқанда БҰҰ гуманитарлық мәселелерді үйлестіру жөніндегі басқармасы (БҰҰ ГМҮБ), Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының (ДДҰ) және Сирия Араб Қызыл жарты ай қоғамының (SARC) қызметін жоғары бағалады. Жанжалды тек тараптардың диалогын ұйымдастыру және сенім шараларын қамтамасыз ету арқылы саяси процесті қайта жандандыру жолымен ғана шешу мүмкін екендігі атап өтілді.