Нұр-Сұлтан, 2021 жылғы 29 қыркүйек – Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары кеңесі (АӨСШК) Министрлерінің 6-шы кездесуі қарсаңында ҚР Сыртқы істер министрінің бірінші орынбасары Шахрат Нұрышевтың төрағалығымен бейнеконференция форматында АӨСШК Аға лауазымды тұлғалар комитетінің (АЛТК) отырысы өтті.
Отырыс барысында АЛТК-ге қатысушылар АӨСШК Министрлерінің 6-шы кездесуі декларациясының, АӨСШК сенім шараларының жаңартылған каталогының, АӨСШК Талдау орталықтарының форумы ережесінің, байқаушылар мәртебесіне қатысты АӨСШК Рәсімдер ережесіне түзетулер жобаларын және басқа да мәселелерді талқылады.
Іс-шараға қатысушылар 2021 жылғы 11-12 қазанда Нұр-Сұлтан қаласында өтетін АӨСШК Сыртқы істер министрлерінің 6-шы кездесуінің негізгі ұйымдастырушылық аспектілері туралы хабардар етілді.
Отырыстың қорытындысы бойынша АЛТК АӨСШК сенім шараларының жаңартылған каталогының және АӨСШК Рәсімдер ережелеріне түзетулерді алдағы министрлік кездесу барысында бекіту үшін мақұлдады.