Қазақстан-Ресей бірлескен демаркациялық комиссиясының жүз он екінші отырысын өткізу туралы

Қазақстан-Ресей бірлескен демаркациялық комиссиясының жүз он екінші отырысын өткізу туралы

2021 жылғы 20-24 қыркүйекте Алматы қаласында Қазақстан-Ресей бірлескен демаркациялық комиссиясының жүз он екінші отырысы өтті.

Комиссия Қазақстан-Ресей мемлекеттік шекарасының демаркациялаудың қорытынды құжаттарының жобаларын дайындау және бекіту жөніндегі жұмысты жалғастырды. Тараптар шекараның жетуге қиын таулы учаскесінде мемлекеттік шекара сызығын белгілеуге байланысты мәселелерді, сондай-ақ 2022 жылға арналған далалық және камералдық жұмыстардың жоспарларын талқылады.

Комиссияның келесі отырысы 2021 жылғы қазанда Ресей Федерациясының аумағында жоспарлануда.