СІМ-де БАӘ-нің Қазақстандағы елшісімен кездесу өтті

СІМ-де БАӘ-нің Қазақстандағы елшісімен кездесу өтті

Нұр-Сұлтан, 2021 жылдың 20 қыркүйегі - Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің бірінші орынбасары Шахрат Нұрышев Біріккен Араб Әмірліктерінің Қазақстандағы жаңадан тағайындалған Елшісі Мұхаммед әл-Арикины қабылдап, Елші сенім грамоталарының көшірмелерін табыс етті.

Кездесу барысында Ш.Нұрышев шетел дипломатты тағайындалуымен құттықтап, оның алдағы жұмысы Қазақстан мен Әмірліктер арасындағы байланыстардың одан әрі дамуына септігін тигізетіндігіне сенім білдірді.

Екі мемлекет арасындағы саяси диалогтың, сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық ынтымақтастықтың дәйекті дамуы атап өтілді. Екіжақты сауда-экономикалық және инвестициялық ынтымақтастықты одан әрі тереңдетудің маңыздылығына ерекше назар аударылды.

Тараптар жаһандық және өңірлік күн тәртібінің барлық негізгі мәселелері бойынша Нұр-Сұлтан мен Абу-Даби ұстанымдарының жақындығын немесе сәйкестігін, көпжақты алаңдардағы, соның ішінде БҰҰ, ИЫҰ, АӨСШК және т.б. ұйымдардағы тиімді өзара іс-қимылды атап өтті.