Қазақстан Елшісі Палестина Президентіне сенім грамоталарын тапсырды

Қазақстан Елшісі Палестина Президентіне сенім грамоталарын тапсырды

Амман, 2021 жылдың 16  қыркүйегі – Қазақстанның Иорданиядағы Елшісі Айдарбек Тұматов Палестина Президенті Махмуд Аббасқа өзінің Қазақстан Республикасының Палестина Мемлекетіндегі Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметін қоса атқарушы ретіндегі сенім грамоталарын тапсырды.

Салтанатты рәсімде отандық дипломат Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың ізгі тілектерін жеткізе отырып, мемлекет басшылығының екі елдің арасындағы ынтымақтастықты одан әрі жан-жақты нығайту бойынша дәйекті бағдарын растады.

Өз кезегінде, Палестина басшысы Елшіге жаңа жауапты қызметіне табыстар тілей отырып, Елбасы Н. Ә. Назарбаевқа және Президент Қ. Қ. Тоқаевқа достық лебіздерін білдірді.

Санитарлық-эпидемиологиялық шектеулерге орай рәсім онлайн режимде өтті.