Берлин Еуразиялық клубының алаңында ҚР инвестициялық мүмкіндіктері мен қазақстандық-неміс технологиялық ынтымақтастығын нығайту мәселелері қарастырылды

Берлин Еуразиялық клубының алаңында ҚР инвестициялық мүмкіндіктері мен қазақстандық-неміс технологиялық ынтымақтастығын нығайту мәселелері қарастырылды

Нұр-Сұлтан, 2021 жылдың 13 қыркүйегі – Жаңа технологиялар және ноу-хау саласындағы екіжақты ынтымақтастық мәселелері Нұр-сұлтан қ. Берлин Еуразиялық Клубының (БЕК) кезекті 32-отырысы барысында қарастырылды. Іс-шара ҚР Сыртқы істер министрлігі мен Герман экономикасы шығыс комитетінің (ГЭШК) қолдауымен ұйымдастырылды. 

Клуб отырысына гибридті форматта 60-тан астам неміс компанияларының өкілдері қатысты, олардың ішінде Linde, Volkswagen, Deutsche Bank, Deutsche Bahn, Svevind, Becker Mining, Redpath Deilmann және т.б.

ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді өз сөзінде қазақстандық экономиканы жаңғыртуға инвестицияларды тарту ҚР Үкіметінің басымдықтарының бірі болып табылатынын атап өтті және қатысушыларды инвестициялық ахуалды жақсарту бойынша қабылданып жатқан шаралар және әлеуетті инвесторлар үшін қолдаудың жаңа құралдары туралы хабардар етті. Сондай-ақ, пандемияға қарамастан, неміс компаниялары Қазақстан экономикасына белсенді түрде инвестиция салуды жалғастыруы және 2020 жылдың және 2021 жылғы 1 тоқсанының қорытындылары бойынша Германиядан келген инвестициялар көлемі 320 млн. АҚШ доллардан асқаны атап өтілді.

Герман спикерлері өз кезегінде Қазақстандағы цифрлық технологиялардың даму қарқынына оң баға беріп, бірлескен жобаларды, оның ішінде «жасыл» сутегі өндірісі, энергетикалық нысандар салу, ауыл шаруашылығы қалдықтарын қайта өңдеу, сондай-ақ тау-кен металлургия кешеніндегі жобаларды іске асыруға қызығушылық білдірді.

Іс-шара аясында неміс компанияларымен бірқатар екіжақты кездесулер өткізілді, оның барысында ынтымақтастық пен жаңа инвестициялық жобаларды іске асырудың нақты мәселелері талқыланды.

Берлин Еуразиялық клубы 2012 жылы ҚР Тұңғыш Президенті Н.Ә.Назарбаевтың және ГФР бұрынғы вице-канцлері, Сыртқы істер министрі Х.-Д. Геншердің бастамасымен құрылған. БЕК экономиканың түрлі салаларындағы өзара іс-қимылдың өзекті мәселелерін талқылау үшін мемлекеттік органдар, бизнес өкілдерінің, ГФР және Еуропаның басқа да елдерінің сарапшылары мен практиктерінің қатысуы үшін ашық бейресми диалог платформасы ретінде әрекет етеді.