Нұр-Сұлтан, 2021 жылдың 13 қыркүйегі – Қазақстан Сыртқы істер министрінің орынбасары Ерлан Әлімбаев пен Португалия Сыртқы істер министрлігінің Бас директоры Мадалена Фишердің бірлескен төрағалығымен екі елдің сыртқы саяси ведомстволары арасында саяси консультациялардың төртінші раунды өтті.
Кездесу барысында дипломаттар саяси, сауда-экономикалық, мәдени-гуманитарлық және басқа салалардағы қазақ-португал ынтымақтастығының қазіргі жағдайы мен даму перспективаларын талқылады, сондай-ақ халықаралық күн тәртібіндегі бірқатар өзекті мәселелер бойынша пікір алмасты.
Келіссөздер қорытындысы бойынша саяси диалогты жандандыру туралы уағдаластыққа қол жеткізілді және екі мемлекеттің сауда-экономикалық және инвестициялық байланыстарын тереңдету жөніндегі қадамдар белгіленді.