Сыртқы істер министрлігінде Астана мен Оттава арасындағы екіжақты және көпжақты серіктестікті нығайтудың келешегі талқыланды

Сыртқы істер министрлігінде Астана мен Оттава арасындағы екіжақты және көпжақты серіктестікті нығайтудың келешегі талқыланды

АСТАНА, 2018 жылғы 5 шілде - ҚР Сыртқы істер министрінің орынбасары Ержан Ашықбаев Канаданың Сыртқы істер министрінің орынбасары Дональд Бобиашпен кездесті.

Талқылау барысында қазақстандық-канадалық ынтымақтастықтың өзекті мәселелері қозғалды. Тараптар 2018 жылдың 11 маусымында Оттавада өткен Қазақстан-Канада іскерлік кеңестің үшінші отырысының сәтті өткенін құптады. Е. Ашықбаев Канадамен сауда-экономикалық байланыстарды нығайтуға және әртараптандыруға және екі ел арасындағы іскерлік байланыстарды кеңейтуге Қазақстанның мүдделі екендігін атап өтті.

Д.Бобиаш осы саладағы оң ғылыми, зерттеу және экспорттық әлеуетті ескере отырып, қазақстандық-канадалық қарым-қатынастардағы ауыл шаруашылығының дәстүрлі табысты саласын нығайту мүмкіндігін атап өтті.

Сонымен қатар, халықаралық күн тәртібі, соның ішінде Ауғанстанның тұрақтандыруы және тұрақты өсуін қамтамасыз ету тақырыптары бойынша пікір алмасты. Е. Ашықбаев Канаданың дипломатын Ауғанстанның екіжақты негізде дамуы үшін, сондай-ақ Қазақстанның БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесіне тұрақты емес мүшелігі шеңберінде Астананың қабылдап жатқан күш-жігері мен шаралары туралы хабардар етті. Министрдің орынбасары Д.Бобиаш Қазақстанмен Ауғанстан мәселелері бойынша диалогты нығайтуға қызығушылық танытты. Осыған байланысты Ауғанстанның экономикалық өсуін және әлеуметтік дамуын қамтамасыз ету үшін халықаралық қоғамдастық тарапынан жан-жақты күш-жігерді нығайту үшін мүмкіндіктер қозғалды.

Кездесу соңында тараптар екі елдің сыртқы саясат ведомстволары деңгейінде диалогты жалғастыруға келісті.