Израиль Мемлекетінің сыртқы саяси ведомствосының басшысымен келіссөздер  

Израиль Мемлекетінің сыртқы саяси ведомствосының басшысымен келіссөздер   

Нұр-Сұлтан, 2021 жылдың 1 қыркүйегі - Қазақстан Премьер-Министрінің орынбасары – Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді Израиль Мемлекетінің Сыртқы істер министрі Яир Лапидпен телефон арқылы сөйлесті.

Келіссөздер барысында тараптар екіжақты қарым-қатынастарды одан әрі дамытудың жай-күйі мен перспективаларын талқылады. Атап айтқанда, олар сауда-экономикалық және инвестициялық ынтымақтастықты кеңейту жөнінде пікір алмасты.

Министрлер алдағы жылы дипломатиялық қатынастардың 30 жылдығына арналған іс-шараларды бірлесіп үйлестіруге келісті.

Өңірлік және халықаралық күн тәртібіндегі мәселелер талқыланды.