Қазақстан СІМ басшысы Швейцария Федералдық Жиналысы Ұлттық Кеңесінің Төрағасымен кездесті

Қазақстан СІМ басшысы Швейцария Федералдық Жиналысы Ұлттық Кеңесінің Төрағасымен кездесті

Нұр-Сұлтан, 2021 жылдың 26 тамызы – Қазақстан Премьер-Министрінің орынбасары – Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді Қазақстанға ресми сапарымен келген Швейцария Конфедерациясы Федералдық Жиналысы Ұлттық Кеңесінің Төрағасы Андреас Эбимен кездесті.

Тараптар COVID-19 пандемиясына қарамастан, Қазақстан мен Швейцария екіжақты күн тәртібінің барлық спектрі бойынша белсенді өзара іс-қимылды жалғастырып жатқанын қанағаттанушылықпен атап өтті. Жоғары деңгейдегі саяси диалог орнатылған: мемлекет басшыларының мамыр айының соңында бейнеконференция форматындағы келіссөздері, ҚР Президенті Қ.Тоқаевтың Швейцарияға ресми сапары жоспарлануда.

Швейцария өкілетті бизнес-делегациясының 2021 жылғы мамырдағы Қазақстанға сапарының қорытындылары және Іскерлік Кеңестің қызметі талқыланды.

Екіжақты ынтымақтастықты нығайтудағы парламенттік дипломатияның маңыздылығы атап өтілді. Тараптар «Қазақстан – Швейцария» парламентаралық ынтымақтастық тобы аясында екі ел парламентшілерінің белсенді өзара іс-қимылын құптады.

Швейцария қазіргі уақытта Қазақстан экономикасының көлемі бойынша үшінші инвестор, онда бүгінде швейцариялық капиталдың қатысуымен 400-ден астам компания жұмыс істейді.