Қазақстан мен АҚШ арасындағы ынтымақтастықтың өзекті мәселелері талқыланды

Қазақстан мен АҚШ арасындағы ынтымақтастықтың өзекті мәселелері талқыланды

Нұр-Сұлтан, 2021 жылдың 13 тамызы - Америка тарапының бастамасы бойынша ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді АҚШ Мемлекеттік хатшысы Энтони Блинкенмен телефон арқылы сөйлесті.

Тараптар стратегиялық әріптестікті одан әрі дамытудың жай-күйі мен перспективаларын, өзекті халықаралық проблемаларды, екіжақты және көпжақты форматтағы алдағы іс-шараларды талқылады.