Қазақстан мен Түрікменстан СІМ басшылары телефон арқылы сөйлесті

Қазақстан мен Түрікменстан СІМ басшылары телефон арқылы сөйлесті

Нұр-Сұлтан, 2021 жылдың 12 тамызы - Түркімен тарапының бастамасы бойынша Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді Түрікменстанның Министрлер кабинеті төрағасының орынбасары - Сыртқы істер министрі Рашид Мередовпен телефон арқылы сөйлесті.

Әңгіме барысында сыртқы саяси ведомстволардың басшылары қазақ-түрікмен стратегиялық әріптестігін одан әрі нығайту мәселелерін талқылады. Ү.ж. 6 тамызда Түрікменбашы қаласында өткен Орталық Азия Мемлекеттері басшыларының Консультативтік кездесуі барысында қол жеткізілген уағдаластықтарды іске асыру бойынша өзара іс-қимылға ерекше назар аударылды.

Тараптар жоғары және аса жоғары деңгейдегі алдағы іс-шаралар кестесін қарастырды.