Қазақстан Республикасы мен Корея Республикасы арасындағы СІМаралық консультациялардың 11-ші раунды туралы

Қазақстан Республикасы мен Корея Республикасы арасындағы СІМаралық консультациялардың 11-ші раунды туралы

Нұр-Сұлтан, 2021 жылдың 4 тамызы – Қазақстан Республикасы мен Корея Республикасының сыртқы істер министрліктері арасында саяси консультациялардың         11-ші раунды бейнеконференция түрінде өтті.

Қазақстандық делегацияны Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің Бірінші орынбасары Шахрат Нұрышев, корей делегациясын Корея Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары Ё Сынг Бэ басқарды.

Келіссөздер барысында тараптар екіжақты стратегиялық серіктестіктің жай-күйі мен даму перспективаларын талқылады. Осы ретте екі ел арасындағы саяси диалогтың, сауда-экономикалық, инвестициялық ынтымақтастықтың және гуманитарлық байланыстардың үдемелі дамуы атап өтілді.

Кездесу соңында тараптар сенімді саяси диалог пен экономикалық ынтымақтастықты жалғастыру бағытына өздерінің бейілділігін растады.