ҚР Президентінің Арнайы өкілі Е. Қазыханның АҚШ-қа сапары туралы

ҚР Президентінің Арнайы өкілі Е. Қазыханның АҚШ-қа сапары туралы

Вашингтон, 2021 жылдың 19-21 шілдесі – Қазақстан Президентінің Халықаралық ынтымақтастық бойынша Арнайы өкілі Ержан Қазыханның Америка Құрама Штаттарына жұмыс сапары өтті.

Ақ үйдің, Мемлекеттік департаменттің және АҚШ Конгрессінің басшылығымен кездесулер барысында екі жақты күн тәртібіндегі көптеген мәселелер, соның ішінде Кеңейтілген стратегиялық серіктестік, сауда-экономикалық және инвестициялық ынтымақтастықты тереңдету перспективалары, жаһандық қауіпсіздік саласы, сондай-ақ «С5+1» диалогы шеңберінде аймақтық ынтымақтастықты нығайту талқыланды.

Америкалық тарап Мемлекет басшысы жүргізіп жатқан саяси реформаларды жоғары бағалады және оларды жүзеге асыруды қолдауға дайын екенін білдірді.

Қолданыстағы механизмдер шеңберінде Қазақстан мен АҚШ арасындағы Кеңейтілген стратегиялық серіктестікті тереңдету туралы уағдаластыққа қол жеткізілді. Сондай-ақ, тараптар екі ел арасындағы дипломатиялық қатынастар орнатылуының 30 жылдығына арналған іс-шараларды талқылады.

АҚШ Конгресі өкілдерімен келіссөздерде парламентаралық ынтымақтамтастықты ары ғарай дамыту туралы келісілді.