Қостанай, 2021 жылдың 16 шілдесі – Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары Роман Склярдың Қостанай облысына жұмыс сапары шеңберінде Қазақстан аумағында жаңа инвестициялық жобаларды іске асыру бойынша 8 негізгі құжатқа, оның ішінде Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі мен «KamLitKZ» компаниясы арасында жетекші көпірлердің басты өткізу бөлшегін өндіру зауытының құрылысы инвестициялық жобасы бойынша инвестициялық келісімшартқа қол қойылды.
Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігімен қол қойылған құжат тараптардың инвестициялық преференциялар бойынша негізгі уағдаластықтарын, «KamLitKZ» инвестициялық міндеттемелерін, сондай-ақ инвестициялық жобаны іске асыру үшін жер учаскесі түрінде мемлекеттік заттай грант беру шарттарын реттейді.
Осы инвестициялық келісімшартты жасасу «КАМАЗ» компаниясының Қазақстан аумағында автомобиль компоненттерінің қазіргі заманғы жоғары технологиялық өндірістерін құру жөніндегі ірі инвестициялық жобаларын іске асыру шеңберіндегі тағы бір қадам болды. Қазақстандық өндірістің компоненттері Набережные Челны қаласындағы (Татарстан, Ресей) «КАМАЗ» бас зауытының конвейеріне жеткізілетін болады.
Жаңа инвестициялық жобаға салынған инвестициялар шамамен 82 млрд теңгені құрайды. 600-ден астам жаңа жұмыс орындары, оның ішінде Қазақстан өнеркәсібінің аралас салаларында жұмыс орындары құрылатын болады.