Астана процесі шеңберіндегі Сирия бойынша келіссөздердің 16-шы кезеңіне БАҚ аккредиттеу туралы

Астана процесі шеңберіндегі Сирия бойынша келіссөздердің 16-шы кезеңіне БАҚ аккредиттеу туралы

Құрметті бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері!

2021 жылғы 7-8 шілдеде Нұр-Сұлтан қаласында Сирия бойынша жоғары деңгейдегі 16-шы халықаралық кездесу өтеді.

Осыған орай, аккредиттеу үшін 2021 жылғы 1 шілдеде сағат 17:00-ге дейін қоса берілген толтырылған аккредитеу нысанын pressa.mfa.kz@gmail.com поштасына жолдауды сұраймыз.

Аккредитация сұрақтары бойынша +7 (7172) 72-01-45, 72-01-33 нөмірлеріне хабарласуыңызды сұраймыз.

(!) Барлық шетелдік БАҚ өкілдерінің жарамдылығы 72 сағаттан аспайтын COVID-19 ПТР тестінің теріс нәтижелі анықтамасы (шетелден келетіндерге) болуы қажет. Қазақстандық БАҚ өкілдеріне COVID-19-ға қарсы вакцинациясының электрондық паспорты болуы міндетті. Іс-шара өткізу орнына кіру «Ashyq» қосымшасы арқылы да жүзеге асырылады.