Қазақстан мен АҚШ арасындағы ынтымақтастығының келешегін екі елдің сыртқы саяси ведомстволарының өкілдері талқылады  

Қазақстан мен АҚШ арасындағы ынтымақтастығының келешегін екі елдің сыртқы саяси ведомстволарының өкілдері талқылады   

Нұр-Сұлтан, 2021 жылдың 17 маусымы - Қазақстан мен АҚШ арасындағы Кеңейтілген стратегиялық әріптестік жөніндегі комиссияның кезекті шолу түріндегі отырысы бейнеконференция режимінде өтті. Іс-шараның жұмысына Қазақстан Сыртқы істер министрінің орынбасары Ақан Рахметуллин және АҚШ Мемлекеттік хатшысының Оңтүстік және Орталық Азия істері жөніндегі көмекшісінің м.а. Эрвин Массинг тең төрағалар ретінде қатысты.

Комиссия отырысының негізгі мақсаты бірінші жартыжылдықтағы бірлескен жұмыстың қорытындыларын шығару және екі ел арасындағы стратегиялық серіктестікті одан әрі кеңейтудің перспективаларын анықтау болды.

Іс-шараның күн тәртібінде екіжақты қарым-қатынастардың кең ауқымды өзекті мәселелері, соның ішінде COVID-19 коронавирус пандемиясымен күресте өзара әрекеттесу, Қазақстан экономикасын әртараптандыру, әйелдердің экономикалық құқықтары мен мүмкіндіктерін кеңейту, өзара сауда жасау және инвестициялар, ғылыми-техникалық ынтымақтастық және т.б. қамтылды.

 «Комиссияның былтырғы жылы желтоқсанда өткен соңғы шолу отырысынан бері біз саяси ынтымақтастықты, өзара сауданы дамытуда, экономика саласында, инвестиция, заңның үстемдігі мен халықаралық күн тәртібі бойынша оң нәтижелерді атап өтеміз. Тәуелсіздігіміздің алғашқы күндерінен бастап Америка Құрама Штаттары Қазақстанның сенімді стратегиялық серіктесі болып табылады. Біз кеңейтілген стратегиялық серіктестігімізді достық, өзара құрмет және сенім рухында одан әрі тереңдетуге ниеттіміз», - деді А.Рахметуллин өз сөзінде.

Іс-шараның қорытындысы бойынша тараптар жемісті ынтымақтастықты одан әрі жалғастыруға уағдаласты және алдағы кезеңге арналған негізгі басымдықтарды анықтады.