Қазақстандық-америкалық виртуалды бизнес форумның екiншi күні туралы

Қазақстандық-америкалық виртуалды бизнес форумның екiншi күні туралы

Вашингтон, 2021 жылдың 15 маусымы – Екінші күнінде «Қазақстан мен АҚШ арасындағы сауда-экономикалық қатынастар5а 30 жыл» виртуалды форматтағы бизнес-форум екі елдің баламалы энергетика, тау-кен өнеркәсібі, қоршаған ортаны қорғау, цифрландыру және құқық салаларындағы серіктестіктің түрлі қырлары бойынша мамзұнды талқылаулармен жалғасты.

Қазақстанның Әділет министрі Марат Бекетаевтың елге шетелдік инвестицияларды тарту үшін атқарылып жатқан сот-құқықтық жүйелеріндегі түбегейлі реформалармен, заң үстемдігін қамтамасыз ету мен басқа да реттеуші ортаны жетілдірулермен таныстырды.

АҚШ Сауда министрінің орынбасары Дайан Фаррелл атап өткендей, Қазақстан АҚШ-тың маңызды сауда серіктесі болып табылады, ал америкалық тікелей шетелдік инвестициялардың айтарлықтай көлемі серіктестер арасындағы сенімділіктің жоғары деңгейін көрсетеді.

Қазақстанның Экология, геология және табиғи ресурстар министрі Мағзұм Мырзағалиев қоршаған ортаны қорғау және сирек кездесетін металдар саласының даму әлеуеті бойынша қабылданып жатқан шаралар туралы хабарлады.

АҚШ Энергетика хатшысы көмекшісінің орынбасары Андреа Локвуд, «Тау-Кен Самұрық» мұнай-газ компаниясы» АҚ басқарма төрағасы Қанат  Құдайберген, «Macro Advisory, LTD» компаниясының Бас атқарушы директоры Крис Вифер, Қазақстанның жаңартылатын энергия қауымдастығының Бас директоры Руслан Жемков және NuScale Power басқарма төрағасы Джон Хопкинс мұнай нарығының тартымдылығының төмендеуі жағдайында баламалы энергияны дамыту перспективалары, салаға сапалы инвестицияларды тарту шаралары мен басқа технологиялық шешімдерді, оның ішінде сирек кездесетін металдар саласы бойынша пікірлерімен бөлісті.

ҚР Цифрлық даму, инновация және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министрі Аскақ Жамбакин алғы сөзімен «Цифрлық трансформация» салалық сессиясы ақпараттық-коммуникациялық технологиялар мен цифрлық саланы дамыту тұжырымдамасы, атап айтқанда, DigitEL ұлттық жобасы туралы баяндады.

Одан әрі талқылауды Ресей мен ТМД бойынша Amazon Web Services бас менеджері Иван Булаев, Kaspi.kz тең құрылтайшысы және басқарма төрағасы Михаил Ломтадзе, «Қазпочта» АҚ басқарма төрағасының орынбасары Марк Хьюз және Орталық Азия бойынша Mastercard менеджері Рафал Трепка  жалғастырды.

Еліміздің цифрлық трансформациясына, стартаптарға инвестиция салуға және жергілікті қызмет жеткізушілермен ынтымақтастыққа бағытталған Amazon Web Services жобасын, сондай-ақ Қазақстандағы цифрлық қызметтер жүйесін дамытуға бағытталған Kaspi.kz-тің табысты бизнес-стратегиясын талқылау ерекше қызығушылық тудырды.

Форумның екі күндік жұмысының қорытындылары Қазақстан мен АҚШ Елшілері Ержан Ашықбаев пен Уильям Мозердің қатысуымен өткен ресми жабылу рәсімінде шығарылды.

Дипломатиялық қарым-қатынастың 30 жылында Нұр-Сұлтан мен Вашингтон қол жеткізген екіжақты қатынастарының деңгейін жоғары бағалап, Е. Ашықбаев екіжақты күн тәртібіндегі өзекті мәселелердің жан-жақтылығын атап өтті. Оның айтуынша, екі ел арасындағы экономикалық өзара әрекеттесу әлеуеті әлі де зор және Қазақстан америкалық серіктестермен сауда саясатын ілгерілету, климат дағдарысына қарсы тұру, әйелдердің мүмкіндіктерін кеңейту және өңірлік азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша белсенді диалогты жалғастыруға мүдделі.

Өз кезегінде У. Мозер Қазақстан көптеген стратегиялық бағыттар бойынша АҚШ-тың Орталық Азиядағы тұрақты серіктесі болып табылатынын атап өтті. У.Мозердің пікірінше, үкіметтің іскерлік ахуалды жақсарту жөніндегі шаралары ауылшаруашылық, ақпараттық технологиялар, логистика және туризмде жаңа өсу мүмкіндіктерін ашады.