ҚР СІМ-де АӨСШК мәселелері бойынша жиналыс өтті

ҚР СІМ-де АӨСШК мәселелері бойынша жиналыс өтті

Нұр-Cұлтан, 2021 жылдың 16 маусымы – Қазақстан СІМ-де Сыртқы істер министрінің Бірінші орынбасары Шахрат Нұрышевтің басшылығымен Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары жөніндегі кеңеске (АӨСШК) мүше мемлекеттердегі Қазақстанның шет елдердегі мекемелерінің басшыларымен бейнеконференция форматында жиналыс өтті.

Іс-шара барысында дипломатиялық миссиялардың басшылары АӨСШК-дегі қазақстандық төрағалықтың ағымдағы міндеттері мен басымдықтары, атап айтқанда, кеңесті институционалдық дамытуды ілгерілету, сенім шаралары каталогын жаңарту, іс-шаралар өткізу туралы хабардар етілді.

АӨСШК Сыртқы істер министрлерінің ү.ж. қазан айында Нұр-Cұлтан қаласында жоспарланған 6-шы кездесуін өткізу мәселесі бойынша пікір алмасылды.

Жиналыс барысында еліміздің АӨСШК-ге төрағалық ету тұжырымдамасын іске асыру жөніндегі іс-қимыл жоспарын іске асыруға қатысты елшілердің баяндамалары тыңдалды.