Қазақстан-Израиль дамуға ресми көмек саласындағы ынтымақтастық мәселелері талқыланды

Қазақстан-Израиль дамуға ресми көмек саласындағы ынтымақтастық мәселелері талқыланды

Нұр-Сұлтан, 2021 жылдың 14 маусымы – Қазақстан Сыртқы істер министрінің орынбасары Ақан Рахметуллин Қазақстанға жұмыс сапарымен келген MASHAV Израиль халықаралық даму агенттігінің басшысы, Израиль Мемлекетінің Сыртқы істер министрлігі Бас директорының орынбасары Эйнат Шлейнмен кездесу өткізді.

Кездесу барысында тараптар Қазақстан-Израиль ынтымақтастығының өзекті мәселелерін талқылады, оның ішінде дамуға ресми көмек (ДРК), жаңа технологиялар мен инновацияларға оқыту саласы.

Кездесу қорытындысы бойынша қазақстандық KazAID және израильдік MASHAV халықаралық даму агенттіктері арасында Өзара түсіністік және ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды. Тараптар ДРК желісі бойынша Орталық Азия мемлекеттері мен Ауғанстан Ислам Республикасы экономикасының негізгі секторларында бірлескен жобаларды іске асыру үшін тығыз байланыстар орнатуға келісті.

MASHAV басшысын сондай-ақ Қазақстан Премьер-Министрінің орынбасары - Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді қабылдады.