АҚШ-тың Ауғанстан жөніндегі арнайы өкілімен кездесу

АҚШ-тың Ауғанстан жөніндегі арнайы өкілімен кездесу

Нұр-Сұлтан, 2021 жылдың 14 маусымы – Қазақстан Премьер-Министрінің орынбасары - Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді АҚШ-тың Ауғанстанды бітістіру жөніндегі арнайы өкілі Залил Халилзадты қабылдады.

Кездесу барысында тараптар Ауғанстандағы ағымдағы жағдайды және ауғанаралық диалогты жолға қою процесін талқылады.

«Қазақстан Ауғанстанды дамытуға, оның ішінде Орталық Азия мен Америка Құрама Штаттары арасындағы өзара іс-қимылдың негізгі тетігіне айналған С5+1 форматы шеңберінде жәрдемдесу бойынша күш-жігерін салуды жалғастырады», - деп мәлімдеді кездесуде М.Тілеуберді.

Тараптар ауған бағытындағы өзара тиімді ынтымақтастықты жалғастыруға уағдаласты.