Қазақстанның жаңадан тағайындалған елшілері ант берді

Қазақстанның жаңадан тағайындалған елшілері ант берді

Нұр-Сұлтан, 2021 жылдың 12 маусымы - Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігінде жаңадан тағайындалған Қазақстан Республикасының Пәкістан Ислам Республикасындағы Елшісі Ержан Қыстафиннің және Жапониядағы Елшісі Сабыр Есімбековтің салтанатты ант беру рәсімі өтті.  

Рәсім барысында аталған елшілер Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңдарын сақтауға және Қазақстан халқына адал қызмет етуге ант берді.