Қазақстан мен Италия СІМ басшыларының келіссөздері туралы

Қазақстан мен Италия СІМ басшыларының келіссөздері туралы

Нұр-Сұлтан, 2021 жылдың 9 маусымы – Бейнеконференция режимінде Қазақстан Премьер-Министрінің орынбасары – Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеубердінің Италияның Сыртқы істер және халықаралық ынтымақтастық министрі Луиджи Ди Майомен келіссөздері өтті.

Тараптар жоғарғы және аса жоғары деңгейдегі саяси диалогты нығайтуға өзара қызығушылықтарын танытты. Бұл ретте стратегиялық әріптестік рухында ынтымақтастықты одан әрі дамытуға екіжақты бейілділік расталды.

Сұхбаттастар екіжақты күн тәртібінің бүкіл ауқымы бойынша, оның ішінде саяси, сауда-экономикалық, инвестициялық және мәдени-гуманитарлық салаларда «сағаттарын теңестерді». Сондай-ақ, халықаралық күн тәртібіндегі өзекті мәселелер бойынша пікір алмасты. Сонымен қатар, министрлер парламентаралық диалогты жандандыру және шарт-құқықтық базаны кеңейту жолдарын талқылады.

Келіссөздер қорытындысы бойынша бірқатар халықаралық ұйымдарда екі елдің кандидатураларын өзара қолдау туралы уағдаластыққа қол жеткізілді.