Қазақстан СІМ басшысы Әзербайжанның Елшісімен кездесті

Қазақстан СІМ басшысы Әзербайжанның Елшісімен кездесті

Нұр-Сұлтан, 2021 жылдың 7 маусымы – Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді Әзербайжан Республикасының Елшісі Рашад Маммадовты еліміздегі дипломатиялық миссиясының аяқталуына орай қабылдады.

ҚР сыртқы саяси ведомствосының басшысы Елшінің саяси, сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық қатынастардың дамуына қосқан едәуір үлесін атап өтті. Каспий теңізінің түбі мен оптика-волокондық желісін салу туралы келісімге қол қою, «Ақтау теңізпорты» АЭА аумағында «Азерсун» логистикалық орталығын және трансформаторлық зауытын салу, Маңғыстау облысында пластикалық құбырларды өндіру зауытын іске қосу және басқа да. инвестициялық жобалар оның Қазақстандағы 13 жылдық дипломатиялық қызметі кезінде сәтті іске асырылды.

ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығына сәйкес Министр Р.Маммадовқа екіжақты қарым-қатынастарды дамытуға қосқан жеке үлесі үшін II дәрежелі «Достық» орденін табыстады.