Қазақстан-Өзбекстан консулдық консультациялары туралы

Қазақстан-Өзбекстан консулдық консультациялары туралы

Нұр-Сұлтан, 2021 жылдың 5 мамыры – Бейнебайланыс арқылы Қазақстан мен Өзбекстан сыртқы істер министрліктері арасындағы консулдық консультациялардың кезекті раунды өтті.

Кездесу барысында тараптар өзара әрекеттесудің өзекті мәселелерін, консулдық-құқықтық саладағы екіжақты және көпжақты келісім-шарттар мен конвенциялардың орындалу мәселелерін, сондай-ақ басқа да өзекті мәселелерді талқылады.

Тараптар консулдық қатынастар аясында ынтымақтастықты одан әрі нығайтуга дайындығын растады.