Қазақстан СІМ басшысы Қытай елшісімен кездесті

Қазақстан СІМ басшысы Қытай елшісімен кездесті

Нұр-Сұлтан, 2021 жылдың 4 мамыры – Қазақстан Премьер-Министрінің орынбасары – Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді Қытай Халық Республикасының Қазақстандағы Елшісі Чжан Сяомен кездесу өткізді.

Тараптар жоғары және аса жоғары деңгейлерде қол жеткізілген уағдаластықтарды іске асыру барысын, сондай-ақ індеттен кейінгі кезеңде қатынастарды одан әрі жандандыру жөніндегі шараларды талқылады.

Сондай-ақ, БҰҰ, ШЫҰ және АӨСШК сияқты көпжақты құрылымдар аясындағы өзара іс-қимыл, сондай-ақ «Орталық Азия-Қытай» форматындағы ынтымақтастық мәселелері қаралды.