Қазақстан мен Түрікменстан СІМ басшылары телефон арқылы сөйлесті

Қазақстан мен Түрікменстан СІМ басшылары телефон арқылы сөйлесті

Нұр-Сұлтан, 2021 жылдың 3 мамыры - Түрікмен тарапының бастамасы бойынша Қазақстанның Премьер-Министрінің орынбасары – Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді Түрікменстанның Министрлер кабинеті төрағасының орынбасары - Сыртқы істер министрі Рашид Мередовпен телефон арқылы сөйлесті.

Тараптар саяси, сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық салалардағы екіжақты ынтымақтастығының өзекті мәселелерін талқылады. 2021 жылы өтетін жоғары және аса жоғары деңгейдегі кездесулерге дайындыққа ерекше назар аударылды.

Өңірлік және халықаралық күн тәртібі бойынша жан-жақты пікір алмасылды.

Келіссөздер қорытындысы бойынша тараптар достық, тату көршілік және стратегиялық әріптестік рухында екіжақты байланыстарды жалғастыруға келісті.