Қазақстан Елшісі Италияның Президентіне сенім грамоталарын тапсырды

Қазақстан Елшісі Италияның Президентіне сенім грамоталарын тапсырды

Рим, 2021 жылдың 29 сәуірі – Қазақстан Елшісі Ерболат Сембаев Италияның Президенті Серджо Маттареллаға сенім грамоталарын тапсырды.

Квиринале сарайындағы салтанатты рәсімнен кейін олардың екіжақты кездесуі өтіп, оның барысында Елшісұхбаттасушысына Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың атынан жылы лебіздерін жеткізді. Сондай-ақ, тараптар Қазақстан мен Италия арасындағы саяси, сауда-экономикалық ынтымақтастықтың негізгі мәселелерін талқылады.

С.Маттарелла өз кезегінде әріптесіне ыстық достық ықыласын жеткізіп, Қазақстан халқына бейбітшілік пен өркендеу тіледі.

Кездесу соңында отандық дипломат екіжақты ынтымақтастықты одан әрі нығайтуға бар күш-жігерін салуға дайын екенін білдірді. Италия Президенті өз тарапынан Елшіні дипломатиялық миссиясының басталуымен құттықтап, алдағы жұмысына сәттілік тіледі.