Қазақстан мен Франция СІМ басшыларының телефон арқылы сөйлесуі туралы

Қазақстан мен Франция СІМ басшыларының телефон арқылы сөйлесуі туралы

Нұр-Сұлтан, 2021 жылдың 28 сәуірі – Француз тарапының бастамасы бойынша Қазақстан Премьер-Министрінің орынбасары – Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді Францияның Еуропа және сыртқы істер министрі Жан-Ив Ле Дрианмен телефон арқылы сөйлесті.

Тараптар саяси және сауда-экономикалық салалардағы екіжақты ынтымақтастықтың қазіргі ахуалы мен келешегін талқылады. Олар екі елдің үкіметтік және іскерлік топтары арасындағы байланыстардың күшеюін атап өтті. 

Министрлер ертең Парижде өтетін Экономикалық ынтымақтастық жөніндегі Қазақстан-Франция үкіметаралық комиссиясының 14-ші отырысын, сондай-ақ Францияның Еуропа және сыртқы істер министрлігі делегациясының ү.ж. мамыр айында жасайтын сапарын, сондай-ақ 2030 жылға дейінгі Сауда-экономикалық ынтымақтастықтың Жол картасына қол қоюды құптады.

Халықаралық мәселелерді талқылау кезінде Ауғанстандағы жағдайдың дамуына ерекше назар аударылды.

Француз компаниялары Қазақстан экономикасының ірі инвесторларының қатарына кіреді. 2005 жылдан бастап 2020 жылға дейінгі кезеңде олардың біздің елдегі капитал салымдарының көлемі 16,6 млрд. АҚШ долларын құрады, оның ішінде 2020 жылдың тоғыз айында 526,3 млн.  долларға жетті. 2020 жылдың қорытындысы бойынша екі ел арасындағы тауар айналымы 2,8 млрд. АҚШ долл. құрады (Қазақстаннан экспорт – 1,8 млрд., импорт - 1 млрд.).