Қазақстанның Португалиядағы Құрметті консулына патентін табыстау туралы

Қазақстанның Португалиядағы Құрметті консулына патентін табыстау туралы

Нұр-Сұлтан, 2021 жылдың 26 сәуірі – Қазақстан СІМ Консулдық қызмет департаментінің директоры Бауыржан Ақатаевтың Қазақстанның Португалиядағы жаңа тағайындалған Құрметті консулы Жиль Фернандо Тайниа Виейрамен кездесуі өтіп, оған тағайындаудың ресми құжаты – Қазақстан Республикасының Құрметті консулының патенті тапсырылды.

Б. Ақатаев Құрметті консулдың сауда-экономикалық және инвестициялық салалардағы ықпалдастықты орнату және тереңдету бойынша қызметін жандандыру қажеттігіне назар аударды.

Әлемдегі күрделі эпидемиологиялық жағдайға байланысты форс-мажорлық және төтенше жағдайлар кезінде Қазақстанның жеке және заңды тұлғаларына құқықтық көмек көрсету, сондай-ақ консулдық қызметтің өзге де мәселелері бойынша Құрметті консулдық қызметінің тиімділігін арттыру жөнінде нақты ұсынымдар берді.

Құрметті консулдық – өзі өкілдік ететін елдің мемлекеттік қызметінде тұрмай, сол елдің және оның азаматтарының құқықтары мен мүдделерін қорғауды қоса, бірақ визалар мен өзге де ресми құжаттарды беруді қоспағанда, өкілдік ететін мемлекеттің тапсырмасымен және болу елінің келісімімен ақысыз негізде кейбір консулдық міндеттерді атқаратын Құрметті (штаттан тыс) консул басқаратын мекеме.